Malim.kz
Әлем

АҚШ пен Израиль тізе бүкпейінше, бейбітшілік болмайды – Иран басшысы

Арман Қайыпхан
Фото: Sha Dati/Xinhua/IMAGO

Иранның жаңа жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи Таяу Шығыстағы шиеленісті бәсеңдету жөніндегі ұсыныстарды кері қайтарды, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, делдал елдер арқылы жолданған «шиеленісті төмендету немесе атысты тоқтату» ұсыныстары АҚШ пен Израиль жеңілісті мойындап, Иранға өтемақы төлемейінше қабылданбайды.

Анонимді дереккөздің айтуынша, Хаменеи Иран АҚШ пен Израильге «қатаң әрі батыл түрде» жауап беруі тиіс деп есептейді. Бұл ұстаным оның жаңа қызметке тағайындалғаннан кейінгі алғашқы сыртқы саясат жөніндегі жиында айтылған. Алайда оның кездесуге жеке қатысқаны нақтыланбады.

Моджтаба Хаменеи 8 наурыздағы тағайындаудан бері көпшілік алдына шыққан жоқ. Ал 12 наурыздағы халыққа алғашқы үндеуін Иран мемлекеттік телеарнасының дикторы оқып берген.

Иран басшысы делдалдар арқылы жеткізілген ұсыныстарға жауап ретінде АҚШ пен Израиль «тізе бүгіп, жеңілісті мойындап, өтемақы төлемейінше бейбітшілік туралы айту ерте» екенін мәлімдеген.

Бұған дейін Reuters дереккөздері Дональд Трамп әкімшілігі Таяу Шығыстағы одақтастар ұсынған Иранмен келіссөз бастау идеясын қолдамағанын хабарлаған. Ал Тегеран АҚШ пен Израильдің соққылары тоқтамайынша қандай да бір бітімге келу мүмкін емес екенін алға тартып отыр.

Бұған дейін Иранның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Әли Лариджани Израильдің әуе соққысынан қаза тапқанын жазған едік.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары