Malim.kz
Әлем

АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактағы қарулы топтардың нысандарына бірлескен соққы жасады

Айгүл Таңатар
24tv.ua

АҚШ пен Сауд Арабиясы Ирактың шығысындағы қарулы топтарға тиесілі нысандарға бірлескен әуе операциясын жүргізді. Бұл туралы АҚШ Қарулы күштерінің Орталық қолбасшылығы (CENTCOM) мәлімдеді.

Вашингтонның хабарлауынша, әуе соққылары барысында Иран қолдайды деп есептелетін қарулы құрылымдардың қару-жарақ қоймалары мен логистикалық нысандары көзделген. АҚШ тарапының мәліметінше, соңғы үш күнде аталған топтар америкалық әскери базаларға және Сауд Арабиясының энергетикалық инфрақұрылымына 30-дан астам ұшқышсыз ұшу аппаратын ұшырған.
Әзірге операцияның салдары, қаза тапқандар мен зардап шеккендер туралы ресми ақпарат жарияланған жоқ. Ирак билігі де оқиғаға қатысты толық мәлімет таратқан емес.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен келіссөздердің оң нәтиже беріп жатқанын мәлімдеген еді. Соған қарамастан, аймақтағы қауіпсіздік ахуалы күрделене түсіп, әскери шиеленіс қайта күшейіп отыр.

деп хабарлайды Malim.kz.

Айгүл Таңатар
Автордың басқа материалдары