Скотт Бессенттің айтуынша, АҚШ Венесуэла мұнайын сатуды жеңілдету мақсатында бірқатар санкцияларды келесі аптада-ақ алып тастауы мүмкін, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.
АҚШ Қаржы министрлігінің басшысы Венесуэламен ынтымақтастықты қайта жандандыру мәселесі бойынша Халықаралық валюта қоры және Дүниежүзілік банк басшылығымен кездесуді жоспарлап отыр.
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент Вашингтонның Венесуэлаға қатысты бірқатар санкциялары келесі аптада-ақ алынып тасталуы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы сенбі, 10 қаңтарда Reuters агенттігі хабарлады. Оның айтуынша, бұл қадамдар Венесуэла мұнайын сатуды жеңілдетуге бағытталған.
Бессент Венесуэланың ХВҚ-дағы арнайы қарыз алу құқықтары (СПЗ) түріндегі шамамен 5 млрд АҚШ доллары (4,3 млрд еуро) көлеміндегі, қазіргі таңда бұғатталған қаржы активтері ел экономикасын қалпына келтіру үшін пайдаланылуы мүмкін екенін нақтылады. Қажет болған жағдайда, бұл СПЗ-ларды қайта құру жұмыстарында қолдану үшін долларға айырбастауға дайын екенін айтты.
«Біз сатылатын мұнайға қатысты санкцияларды алып тастаймыз», – деп қосты министр.
Оның сөзінше, АҚШ Қаржы министрлігі мұнай саудасынан түсетін кірісті, негізінен танкерлерде сақталып отырған қаражатты, Венесуэлаға аударуды жеңілдету жолдарын қарастырып жатыр. Сондай-ақ Бессент шағын жеке компаниялар Венесуэланың мұнай секторына тез арада қайта оралады деген пікір білдірді.