Malim.kz
Әлем

АҚШ сенаторы Грэм Трампты Украинаға «Томагавк» зымырандарын беруге шақырды

Арман Қайыпхан
Фото: Department of Defense/ZUMAPRESS.com/picture allianc

Республикалық сенатор Линдси Грэмнің мәлімдеуінше, әскери күштер арасындағы тепе-теңдікті өзгерту үшін Украинаға Tomahawk қанатты зымырандары қажет, деп хабарлайды Malim.kz. DW-ге сілтеме жасап.

АҚШ-тың республикашыл сенаторы Линдси Грэм әкімшілікті Украинаға ұшу қашықтығы 2500 шақырымға дейін жететін Tomahawk қанатты зымырандарын беруге шақырды. Оның айтуынша, бұл қарулар Ресейдің әскери нысандарына соққы жасауға мүмкіндік береді.

«Мен Украинаға “Томагавктардың” жеткізілуін қалаймын. АҚШ Путин дрондар мен өзге де қару-жарақ өндірісінде сүйенетін инфрақұрылымды жою үшін осы зымырандарды беруі керек. Мен әскери күштердің арақатынасын өзгерткім келеді», — деді Грэм 13 ақпан, жұма күні Мюнхен қауіпсіздік конференциясы аясында журналистерге.

Ол сондай-ақ Мәскеуге қысымды күшейтіп, оны мазмұнды бейбіт келіссөздерге итермелеуге шақырды. Қаңтар айында Грэм АҚШ президенті Дональд Трамп Ресейдің мұнайын, газын, уранын және өзге де шикізатын сатып алатын елдерге, соның ішінде Қытай, Үндістан және Бразилияға қарсы 500%-ға дейін баж салығын енгізуге мүмкіндік беретін екі партиялық заң жобасын қолдағанын хабарлаған.

Украинаға Tomahawk зымырандарын беру мәселесі АҚШ-та 2025 жылдың күзінде талқылана бастады. Қазан айының соңында CNN телеарнасы Пентагон мұндай жеткізілімдерді мақұлдағанын, алайда түпкілікті шешім Трамптың құзырында екенін хабарлаған. Дереккөздердің айтуынша, Ақ үй бұл қадамды Ресейге қысым жасау тетігі ретінде қарастырып отыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары