Malim.kz
Әлем

АҚШ сенаторы Линдси Грэм 71 жасында өмірден өтті

Айбын Атабай
Фото: Brett Flashnick/U.S. Senate Photo Office/Wikimedia

АҚШ-тың ықпалды республикашыл саясаткерлерінің бірі, Оңтүстік Каролина штатынан сайланған сенатор Линдси Грэм 71 жасында қайтыс болды. Бұл туралы оның кеңсесі мәлімдеді, деп хабарлайды NBC News-ке сілтеме жасаған Malim.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, сенбі күні кешке Грэмнің Капитолийдегі үйіне жедел жәрдем шақырылған. Кейін саясаткердің атеросклеротикалық жүрек-қан тамырлары ауруынан көз жұмғаны белгілі болды.

АҚШ президенті Дональд Трамп Линдси Грэмнің қазасына байланысты көңіл айтып, оны «шынайы америкалық патриот» деп атады.

«Менің қымбатты досым, елімізге және өзі сүйген Оңтүстік Каролина штатына өлшеусіз еңбек сіңірген ұлы сенатор Линдси Грэмнің жарқын өмірі мен қызметіне құрмет ретінде АҚШ-тағы барлық мемлекеттік туды сенбі күні кешкі сағат 18:00-ге дейін жартылай түсіруге бұйырамын. Қош бол, Линдси. Құдай жар болсын», – деп жазды Трамп Truth Social әлеуметтік желісінде.

Линдси Грэм 2002 жылдан бері АҚШ Сенатында қызмет атқарды. Ол Сенаттың Бюджет комитетін басқарды және Республикалық партияның қорғаныс пен сыртқы саясаттағы ең ықпалды өкілдерінің бірі саналды. Биыл қарашада ол Сенаттағы бесінші алты жылдық мерзімге қайта сайлануға түсуге дайындалып жатқан еді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары