АҚШ-та «Болашақ» бағдарламасы бойынша білім алып жатқан Қазақстан студенттерінің шәкіртақысы неге кешігетіні белгілі болды, деп жазды Azattyq Rýhy.
Рождество мерекесіне байланысты бірқатар университеттерде әкімшілік және қаржылық қызметтер уақытша тоқтаған немесе шектеулі режимде жұмыс істеп жатыр.
Соған қарамастан, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚШ-та оқып жатқан «Болашақ» бағдарламасының барлық студенттерінің оқу ақысын толық көлемде төлеп, стипендияларын уақытында аударды.
Университеттер каникулдан кейін қалыпты жұмыс тәртібіне көшкен соң, барлық қажетті рәсімдер белгіленген тәртіппен толық аяқталады.