Malim.kz
Әлем

АҚШ-та шағын ұшақ апатқа ұшырады: Алты адам қаза тапты

• Мадияр Қапанбек
Видеодан кадр: x.com/@SaiyidYasir

АҚШ-тың Висконсин штатында Piper PA-46 үлгісіндегі шағын ұшақ апатқа ұшырап, бортта болған алты адамның барлығы қаза тапты. Марқұмдардың арасында бір бала бар, деп хабарлайды Malim.kz.

Әуе кемесі орманды аумаққа құлаған. Оқиға орнына жеткен құтқарушылар бес ересек адам мен бір баланың денесін тапқан.

Алдын ала мәлімет бойынша, апат болған сәтте аймақта жаңбыр жауып, найзағай ойнаған. Қазір мамандар қолайсыз ауа райының оқиғаға ықпал еткен-етпегенін тексеріп жатыр.

Ұшақ апатқа дейін жақын маңдағы әуежайдың диспетчерлік қызметімен байланыста болған. Тергеушілер радиобайланыс жазбаларын зерттеуге кіріскен.

Оқиғаның мән-жайын құқық қорғау органдары мен АҚШ-тың Федералдық азаматтық авиация басқармасы зерттеп жатыр.

Апат салдарынан жердегі адамдар зардап шекпеген. Сондай-ақ ғимараттарға зақым келмегені хабарланды.

Қаза тапқандардың аты-жөні әзірге жарияланған жоқ.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары