Malim.kz
Әлем

АҚШ-тағы фестивальде болған атыстан кемінде 12 адам жараланды

Арман Қайыпхан
Фото: Paul Sancya/AP Photo/picture allianc

АҚШ-тың Огайо штатындағы Толидо қаласында өткен Old West End фестивалі кезінде болған атыс салдарынан кемінде 12 адам жарақат алды, деп хабарлайды Malim.kz DW-ге сілтеме жасап.

Алдын ала мәлімет бойынша, фестиваль аумағында екі адам бір-біріне оқ атқан. Зардап шеккендердің екеуінің жағдайы ауыр. Жараланғандардың орташа жасы 20-дан сәл асқан.

Қазіргі уақытта құқық қорғау органдары күдіктілерді іздестіріп жатыр. Полиция куәгерлерден жауап алып, ұялы телефондарға түсірілген бейнежазбаларды зерттеуде.

Қарумен жасалатын зорлық-зомбылық оқиғаларының статистикасын жүргізетін Gun Violence Archive ұйымының мәліметінше, жыл басынан бері АҚШ-та кемінде 170 жаппай атыс оқиғасы тіркелген.

Old West End – Толидо қаласының тарихи ауданында жыл сайын өтетін екі күндік фестиваль. Виктория дәуіріндегі сәулетімен танымал шара аясында шеру, жанды музыка және гастрономиялық бағдарламалар ұйымдастырылуы тиіс болған.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары