Malim.kz
Әлем

АҚШ Таяу Шығыстағы азаматтарын сақ болуға шақырды

Мадияр Қапанбек
АҚШ туы. Фото: Tetra Images/Getty Images

АҚШ Таяу Шығыстағы азаматтарына сақтық шараларын күшейтуге кеңес берді. Ескерту Йемен мен Сауд Арабиясы арасындағы жағдайдың шиеленісу қаупіне байланысты жасалған, деп хабарлайды Malim.kz.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, тиісті ескертулерді АҚШ-тың Таяу Шығыстағы бірқатар елшілігі таратқан.

АҚШ-тың Ливандағы елшілігі америкалықтарды аймақтағы жағдайға байланысты барынша қырағы болуға шақырды.

"Қазіргі уақытта Таяу Шығыста жүрген АҚШ азаматтары барынша қырағы болуы керек және рейстердің тоқтатылуы, әуе кеңістігінің жабылуы мен жол қатынасында кідірістер болуы мүмкін екенін ескеруі тиіс", – делінген дипломатиялық өкілдік мәлімдемесінде.

Осыған ұқсас ескертулерді АҚШ-тың Біріккен Араб Әмірліктері, Бахрейн, Кувейт, Иордания, Қатар, Ирак, Палестина, Оман және Сауд Арабиясындағы дипломатиялық өкілдіктері де жариялаған.

Мұндай шара Йеменнің солтүстігін бақылауда ұстап отырған "Ансар Алла" қозғалысы мен Сауд Арабиясы арасындағы шиеленістің күшею қаупіне байланысты қабылданған.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары