Каракаста Венесуэланың уақытша үкіметі мен оппозиция өкілдері арасында елдегі саяси өтпелі кезең мен демократиялық институттарды қалпына келтіруге бағытталған келіссөздер басталды.
Report мәліметінше, келіссөздер бастапқыда жоспарланған 1 тамыздан бір апта кейін басталды. Диалог АҚШ-тың қолдауымен өтіп жатыр.
Үкімет делегациясын Венесуэла Ұлттық ассамблеясының төрағасы, уақытша президент міндетін атқарушы Дельси Родригестің ағасы Хорхе Родригес бастап барды.
Оппозиция атынан бұрынғы Ұлттық ассамблея депутаты Динора Фигера жетекшілік етті. Делегация құрамына 2015 жылғы шақырылымның бұрынғы депутаттары енген. АҚШ бұл парламентті бұған дейін заңды орган ретінде таныған болатын.
Бұл келіссөздерге оппозиция жетекшісі Мария Корина Мачадо мен президенттікке бұрынғы кандидат Эдмундо Гонсалес Уррутиа қатыспады. Екі саясаткер де шетелде жүр және диалогтың барысын бақылап, оның сайлау өткізуге жол ашады деп үміттенетіндерін мәлімдеді.
Тараптар демократияны нығайту, саяси құқықтарға кепілдік беру, сондай-ақ маусым айындағы жойқын жер сілкіністерінен кейін елді қалпына келтіру мәселелерін талқылайды деп жоспарланған.
Айта кетейік, Вашингтон екі жер сілкінісінен кейін Венесуэлаға халықаралық гуманитарлық көмектің жедел жеткізілуін қамтамасыз ету мақсатында елге қатысты санкциялардың бір бөлігін уақытша шектеген болатын.