АҚШ әкімшілігі импортқа қатысты тарифтік саясатын тағы да күшейтіп, бірқатар елден жеткізілетін тауарларға жаңа баж салығын енгізді. Мұны әлемдік сауда жүйесіндегі ұзақмерзімді өзгерістердің жалғасы ретінде қарастыруға болады.
Жаңа шектеулердің мақсаты - стратегиялық өндірістерді АҚШ аумағына қайтару және Қытайға тәуелді жеткізу тізбектерін қысқарту. Бұл саясаттың салдары халықаралық логистикаға, инвестициялық бағыттарға және өндіріс орындарының орналасуына әсер етпей қоймайды. Әсіресе, Еуропа мен Азия арасындағы балама көлік дәліздерінің маңызын арттырады. Соның ішінде Транскаспий халықаралық көлік бағытына және Қазақстан арқылы өтетін транзитке қызығушылықтың өсуі ықтимал.