Malim.kz
Әлем

АҚШ Украинаға жоспарланған қаруды Таяу Шығысқа жіберуі мүмкін

Арман Қайыпхан
Фото: AFP

АҚШ Қорғаныс министрлігі Украинаға бастапқыда арналған қарудың бір бөлігін Таяу Шығысқа жіберу мүмкіндігін қарастырып жатыр. Бұл жайлы The Washington Post жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әңгіме, атап айтқанда, НАТО бағдарламасы аясында сатып алынған әуе қорғаныс жүйелеріне арналған зымыран-тосқауылдар туралы болып отыр. Бұл бағдарлама бойынша серіктес елдер Киев үшін америкалық қару-жарақ сатып алады.

Сонымен қатар, НАТО-ның ресми өкілі Reuters агенттігінің сұрауына жауап бере отырып, альянс пен серіктестер Украинаға арналған басым сатып алу бағдарламасына (PURL) қатысуды жалғастырып жатқанын мәлімдеді. Аталған бағдарлама Киевке америкалық қару жеткізуді қаржыландырады.

Оның айтуынша, PURL аясында уәде етілген қаржы көлемі қазірдің өзінде бірнеше миллиард долларды құрайды және қосымша жарналар күтілуде.

Пентагон мен АҚШ Мемлекеттік департаменті Reuters-тің сауалдарына жауап бермеді. Ал АҚШ президенті Дональд Трамп НАТО елдері Иран төңірегіндегі жағдайға байланысты “мүлде ештеңе істеген жоқ” деп мәлімдеді.

АҚШ-қа НАТО-дан ештеңе қажет емес, бірақ осы маңызды жайтты ешқашан ұмытпаңыздар!” – деп жазды Трамп 26 наурыз күні Truth Social әлеуметтік желісінде.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары