Malim.kz
Әлем

АҚШ Венесуэла президенті мен оның әйеліне «наркотерроризм» айыбын тақты

Арман Қайыпхан
© РИА Новости / Фотохост-агентство РИА Новости

АҚШ Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның жұбайына «наркотерроризм» бойынша айып тақты, деп хабарлайды Malim.kz.

Бұл туралы АҚШ-тың бас прокуроры Пэм Бонди мәлімдеді. Оның айтуынша, олар жақын арада Нью-Йорк сотының алдында жауап береді.

Айта кетейік, бүгін АҚШ Венесуэланың астанасына соққы жасаған.

Сонымен қатар Дональд Трамп Венесуэла президенті Николас Мадуро мен оның әйелінің ұсталғанын хабарлады.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары