Malim.kz
Қоғам

"Ақшасын жас қыздарға шашады": Әнші Нұрлан Абдуллиннің әйелі ел естімеген шындықтың бетін ашты (ВИДЕО)

Мадияр Қапанбек
Ulysmedia.kz коллажы

Ақмарал Баққараева есімді әйел өзін Нұрлан Абдуллиннің азаматтық некедегі жұбайымын деп таныстырып, әншіге қатысты бірқатар айыптаулар айтты, деп хабарлайды Malim.kz.

Оның сөзінше, екеуінің ортақ бір ұлы бар, алайда әнші баласына материалдық көмек көрсетпейді. Бұл туралы ол Ulysmedia.kz YouTube арнасына берген сұхбатында мәлімдеген.

Ақмаралдың айтуынша, қазіргі уақытта ол сегіз жастағы ұлын жалғыз өзі тәрбиелеп отыр. 

"Арамызда бір ұл бар, алайда қазір далада қалдық, алимент төленбейді, мүлдем көмектеспейді. Ақшасын жас қыздарға шашады", – дейді келіншек. 

Келіншек бұл мәселеде соңына дейін күресуге ниетті екенін атап өтті.

Нұрлан Абдуллин – қазақ эстрадасында өзіндік орны бар танымал әнші әрі тележүргізуші. Ол 1964 жылдың 6 қыркүйегінде Өзбек КСР-нің Нүкіс қаласында дүниеге келген. Әкесі Мұхан Абдуллаұлы мектеп директоры болса, анасы Гүлжиян Қайруллақызы балалар үйін басқарған.

Болашақ өнер иесі алғашында шығармашылық емес, техникалық бағытты таңдап, 1991 жылы сәулет және құрылыс институтын тәмамдаған. Кейін білімін жалғастырып, Тұран университетінде құқықтану мамандығын да меңгерген. Нұрлан Абдуллиннің өнер жолы 1990-жылдардың басында басталды. Ол 1993 жылдан бастап кәсіби сахнаға шығып, халыққа кеңінен таныла бастады. Әншінің репертуарында қазақ және шетел композиторларының туындылары бар. Оның орындауындағы "Ауылым", "Сен", "Родина моя – Казахстан", "Семь нот моей жизни" сияқты әндер көпшілікке кең таралған.

Нұрлан Абдуллин тек Қазақстанда ғана емес, шетел сахналарында да өнер көрсеткен. Ол Нью-Йорктегі Біріккен Ұлттар Ұйымының залында және Еуропа мен Америкада жеке концерттерін өткізген. 2015 жылы "Семь нот моей жизни" атты үлкен шығармашылық кешін Алматы мен Астанада ұйымдастырды. Әншінің концерттері әрдайым аншлагпен өтеді. Ол 2007 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағын алды. Сонымен қатар, "Парасат" орденімен марапатталған өнер иесі ретінде де белгілі. 

Еске сала кетейік, Нұрлан Абдуллиннің өнердегі әріптесі, танымал әнші Алтынай Жорабаева отбасындағы жағымды жаңалықты жария еткен еді.

Мадияр Қапанбек
Автордың басқа материалдары