Ақсу қаласында 2023 жылы туған сәби үшінші қабаттың терезесінен құлап, ауыр жарақат алды. Оқиға 11 маусым күні болған. Дәрігерлер шақыртудан кейін үш минут ішінде жетіп, баланы алдымен Ақсу қалалық ауруханасына, кейін Павлодар облыстық ауруханасына жеткізген.
Дәрігерлердің мәліметінше, бала бас-ми жарақатын алған және жағдайы өте ауыр болған. Өкінішке қарай, жасалған ота кезінде сәби көз жұмды. Мамандар оның жарақаттары өмірмен үйлеспейтіндей ауыр болғанын айтты.
Жыл басынан бері Павлодар облысында балалардың терезеден құлауының үш жағдайы тіркелген. Ақсудағы оқиғаға байланысты полиция тексеру жүргізіп жатыр.