Malim.kz
Қоғам

Ақтау қаласының аумағы төрт есе кеңейеді

Арман Қайыпхан
Фото: gov.kz

Маңғыстау облысының орталығы Ақтау қаласының аумағы айтарлықтай кеңейетін болды, деп хабарлайды Malim.kz.

Тиісті шешім Үкімет пен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы аясында қабылданып, ресми түрде жарияланды.

Құжатқа сәйкес, Маңғыстау облысының жалпы аумағынан бірқатар жер телімдері Ақтау қаласының шекарасына қосылады.

Бұл өзгерістер 2026 жылғы 10 наурыздағы облыстық мәслихаттың шешімі мен 2026 жылғы 16 ақпандағы әкімдік қаулысына негізделген.

Нәтижесінде, Ақтау қаласының аумағы қазіргі көлемімен салыстырғанда төрт есеге ұлғайып, 124 491 гектарға дейін жетеді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары