Malim.kz
Қоғам

Ақтау халықаралық әуежайында бірнеше рейс кешігіп жатыр

Мәди Саматұлы

Онлайн-таблодағы мәліметке сәйкес, Баку, Астана және Атырауға ұшатын рейстер, сондай-ақ, Астанадан келетін рейс кешігіп жатыр. Бұл туралы Lada жазды, деп хабарлайды Malim.kz.

Әуежай өкілдері рейстердің кешігуіне 3 қарашаға қараған түнгі тұман себеп болғанын хабарлаған.

Артынан әуежай қону және ұшу рейстерінің біртіндеп қайта жанданатынын мәлімдеді.

Фото: aktau-airport.kz

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары