Malim.kz
Қоғам

Ақтауда «Архетип, эннеатипті анықтау және тұлғалық ерекшелік» тақырыбында оқыту өтті

Айбын Атабай
«Қолдау» орталығы»

Ақтау қаласында Маңғыстау облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының тапсырысымен, «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КеАҚ-тың қолдауымен,  «Қолдау» орталығы» жеке меншік мекемесінің ұйымдастыруымен «Жастар EQ 3.0 & Mental Health» жобасы аясында республикалық сарапшыларды тарта отырып 4 компонентті оқыту аясында алғашқы оқу өтті.

Қатысушыларға архетиптер мен эннеатиптер арқылы жеке брендін қалыптастырудың, өзін-өзі терең танудың және коммуникация дағдыларын жетілдірудің практикалық құралдарын беру мақсатында өткен курсты Архетип және эннеатипті анықтау бойынша сарапшы Джекенова Айым жүргізді.

Оқыту барысында қатысушылар жеке брендті дамытудың 5 қадамын меңгеріп, өзін «распаковка» жасау, суперкүшін анықтау, «упаковка», контент және танымалдылық, сондай-ақ брендингтегі 12 архетиппен, эннеатиптермен жұмыс істеу арқылы адамды және клиентті қалай тереңірек тануға болатынын үйренді.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары