Ақтау қаласының 31-шағынауданында орналасқан алты қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің жертөлесінде қоқыс жану оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға туралы хабарлама түскеннен кейін, ТЖМ күштері мен құралдары жедел түрде оқиға орнына жіберілді. Құтқарушылардың үйлесімді және шұғыл әрекеттерінің нәтижесінде өрттің таралуына жол берілмеді.
Өртті сөндіру және барлау жұмыстары барысында үйден 14 адам, оның ішінде 8 бала қауіпсіз жерге эвакуацияланды. Өрт қысқа уақыт ішінде толық сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ.