Malim.kz
Қоғам

Ақтауға Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу орталығы өкілдері келді

• Мәди Саматұлы

Бүгін Ақтауға Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) өкілдері және мемлекетаралық авиация комитетінің өкілдері ұшып келді, деп хабарлайды Malim.kz.

Көлік министрлігінің мәліметінше, тергеп-тексеру жөніндегі комиссияның штабында жиналыс өтіп, онда бірлескен міндеттер айқындалған.

Бразилияның авиациялық оқиғаларды тергеу және алдын алу орталығы (CENIPA) – азаматтық авиацияда орын алған авиациялық оқиғаларды тергеумен айналысатын уәкілетті орган.

Фото: Көлік министрлігі

Мәди Саматұлы
Автордың басқа материалдары