Malim.kz
Қоғам

Ақтөбе облысында азық-түлік тиелген жүк көлігі түгі қалмай өртеніп кетті

• Берік Дәулетов

Ақтөбе облысында жүк көлігі түгі қалмай жанып кетті, деп хабарлайды Malim.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер жанып жатқан жүк көлігін сөндірген.

Ақтөбе облысының аумағында Ақтөбе-Атырау-Астрахань республикалық маңызы бар тасжолының 270-шақырымында азық-түлік тауарлары тиелген жүк көлігі жанды, - деп жазылған хабарламада.

ТЖМ күштерімен өрт ауыздықталды. Зардап шеккендер жоқ.

Жол көлігінде төтенше жағдай шыққан жағдайда 112 нөміріне хабарласыңыз! - деп кеңес берді құтқарушылар.

Фото: ТЖМ

Берік Дәулетов
Автордың басқа материалдары