Malim.kz
Экология

Ақтөбе облысында балықтар жаппай қырылып жатыр

Айбын Атабай
Көрнекі фото: depositphotos.com

Ақтөбе облысы Ырғыз ауданындағы Бірсуат өзенінің арнасында балықтардың жаппай қырылуы тіркелді.   

Sn.kz ақпарат порталы жергілікті тұрғындардың пікірін келтірген. Айтуларынша, су айдынының жағалауында өлі сазандар, шортандар, алабұғалар, тасбалықтар мен шабақтардың көп мөлшері жиналып қалған.

Арнада қалған балықтар қырылып жатыр. Су деңгейі күн сайын төмендеп келеді. Бұл – басқа көздерден су түспейтін шағын арна. Жақын арада тазарту жұмыстары жүргізіліп, қажетті сынамалар алынады, – деп хабарлады Ырғыз  аудандық ауыл шаруашылығы бөлімі.

Тобыл-Торғай аралық облысаралық балық шаруашылығы бассейндік инспекциясының мәліметінше, арнайы пайдаланушыларға бекітілмеген су айдындарының сақталуы мен жағдайына жергілікті атқарушы органдар бақылау жасауға міндетті.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары