Malim.kz
Оқиға

Ақтөбе облысында бір топ жігіттің жанжалы адам өлімімен аяқталды

Айбын Атабай
ашық дереккөз

Жанжал 20 наурызға қараған түні Шалқар қаласында болған, деп хабарлайды Malim.kz «Диапазон» сайтына сілтеме жасап. 

17 жастағы Әлихан пышақ жарақатынан көз жұмған. Марқұм жігіт былтыр мектеп бітірген. Әскерге баруға дайындалып, кейін жоғары оқу орнына түсуді жоспарлаған.

«Біз әлі есімізді жия алмай отырмыз. Әлихан өте пысық, адамдармен тез тіл табысатын, науқас әжесіне қамқор болатын. Бойы ұзын, келбетті еді. Әскерге барып, кейін оқуын жалғастырып, отбасына көмектесуді армандайтын. Енді біз оны жерлеуге бара жатырмыз. Әлихан отбасындағы ортаншы бала, артында ағасы мен қарындасы қалды. Біздің қайғымызды сөзбен жеткізу мүмкін емес», – деді марқұмның туысы. 

Ақтөбе облыстық полиция департаментінің мәліметінше, бұл жағдай бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Қақтығысқа қатысқан барлық тұлғалар анықталып, полиция бөліміне жеткізілген.

Тергеу жүргізіліп жатыр. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары