Malim.kz
Қоғам

Ақтөбе облысында жоғалған ер адам табылды

Арман Қайыпхан
Фото: ТЖМ

Ақтөбе облысының Алға ауданында Ақай ауылынан «Алакозы» шаруа қожалығына қарай қарда жүретін көлікпен шығып, байланысқа шықпай қалған 1978 жылы туған ер адамды іздестіру-құтқару жұмыстары басталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Іздеуге құтқарушылар, кинологиялық жасақ, ұшқышсыз ұшу аппараты, полиция қызметкерлері және туыстары тартылды. Олар жету қиын аумақтарды қоса алғанда, кең көлемдегі аумақты тексерді.

Іздестіру тобы Ақшоқы қыстағында жоғалған ер адамды тауып, жедел түрде Сарықобда ауылына жеткізді. Оған медициналық көмек қажет болған жоқ.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары