Malim.kz
Қоғам

Ақтөбе облысында жүк вагондары рельстен шығып кетті

Malim Админ

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, қазір Қауылжыр станциясында пойыз қозғалысы қалпына келтірілді.

27 наурызда сағат 09.28-де Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында 58 вагоннан тұратын жүк пойызының 8 вагоны рельстен шығып кетті. Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Оқиға орнына жедел қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Арнайы комиссия рельстен шығып кету себептерін тексереді, - деп мәлімдеді «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Сағат 19:10-дағы жағдай бойынша Шалқар – Жем учаскесінің Қауылжыр станциясында жүк вагондарының рельстен шығып кетуіне байланысты үзілген пойыз қозғалысы қайта жанданды. 

Фото: видеодан скриншот

Malim Админ
Автордың басқа материалдары