Ақтөбе - Ташкент бағыты бойынша тікелей әуе рейсі іске қосылады, деп хабарлайды Malim.kz.
Биылғы 2 тамыздан бастап Ақтөбе мен Ташкент арасында тұрақты тікелей әуе рейсі қосылады. Жаңа бағыт бойынша рейстерді аптасына екі рет Centrum Air әуе компаниясы орындайды.Тікелей әуе қатынасы жолаушылар үшін сапар уақытын қысқартып, туристік және іскерлік бағыттардың қолжетімділігін арттырады.