Malim.kz
Оқиға

Ақтөбеде бір айдай іздестірілген оқушының мәйіті табылды

Айбын Атабай
Zello Poisk

Ақтөбе облысында 29 наурыздан бері із-түссіз жоғалған 4-сынып оқушысының мәйіт табылды. Бұл туралы Malim.kz Stan.kz сайтына сілтеп хабарлайды. 

Баланы іздеу 29 наурыздан бастап жүргізілген. Бала үйінен шығып, қайта оралмаған. Іздестіру жұмыстары Сарыжар ауылы маңында ТЖМ, полиция, жергілікті атқарушы органдар, әскери қызметкерлер, еріктілер және жергілікті тұрғындардың қатысуымен жүргізілді.

Бүлдіршіннің денесін ТЖМ сүңгуірлері  Мәртөк ауданындағы Елек өзенінен жағадан шамамен 3 метр қашықтықта, 1,5 метр тереңдіктен тапқан.

“Күн сайын сүңгуірлер 30–35 км су айдынын зерттеп, жүзу құралдары арқылы 25–30 км су беті тексерілді. Жаяу топтар 15–20 км жағалау сызығын қарап шықса, ұшқышсыз ұшу аппараттарының көмегімен 10–15 км аумақ бақылауға алынды. Сонымен қатар эхолоттар белсенді түрде қолданылды.

Іздестіру жұмыстары өзеннің табиғи ерекшеліктеріне байланысты күрделі болды. Иірімді арна, қатты ағыс, қалың өсімдік жамылғысы, сондай-ақ лайлы әрі көріну деңгейі төмен су кедергі жасады”, – деді ведомство. 

Бұған дейін Ақтөбе облысында жоғалып кеткен 10 жастағы бала іздестіріліп жатқанын жаздық. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары