Malim.kz
Қоғам

Ақтөбеде пәтер алаяқтығына күдікпен мұғалім ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Ақтөбеде пәтер сатып алуға көмектесуге уәде беріп, азаматтардан ірі көлемде ақша алды деген күдікпен әйел ұсталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полиция мәліметінше, күдіктінің әрекетінен кемінде Қосшы қаласының екі тұрғыны зардап шеккен. Ол жәбірленушілерге пәтер алып беруге көмектесетінін айтып, бірінен 14 млн теңге, екіншісінен 8 млн теңге алған. Кейін әйел байланысын үзген.

Шілде айында күдікті іздеуге жарияланған. Полиция оның Ақтөбеде жүргенін анықтап, ұстады. Қазір ол уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Тергеу барысында әйелдің осы уақыт ішінде мектепте мұғалім болып жұмыс істегені анықталды. Полиция оның оқу орнына қалай жұмысқа орналасқанын және еңбекке қабылдану кезінде ұсынған құжаттарының түпнұсқалығын тексеріп жатыр.

Тергеу күдікті жалған құжаттар мен анықтамаларды пайдаланған болуы мүмкін деген нұсқаны да қарастыруда. Оқиғаға қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары