Malim.kz
Қоғам

Ақтөбеде полиция бастығы қозғалысы ең қарқынды трассаны бақылауға шықты

Арман Қайыпхан
Фото: el.kz / Артем Чурсинов

Самара – Шымкент автомобиль жолы – Қазақстандағы ең жүктемесі жоғары және стратегиялық маңызы бар көлік артерияларының бірі, деп хабарлайды Malim.kz.

Трассаның Ақтөбе облысы аумағынан өтетін бөлігі – Қызылорда облысының шекарасынан Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейінгі аралық. Бұл учаскенің ұзындығы 700 шақырымнан асады. Тәулігіне бұл жолмен 16 мыңнан астам көлік өтеді.

Жыл басынан бері осы жолда 101 жол-көлікоқиғасы орын алып, 41 адам қаза болды, 200-ден астам адам жарақат алды. Апаттардың басты себебі – жүргізушілердің жол қозғалысы ережелерін сақтамауы. 

Қайғылы жол апаттары азаймай отырған бұл трассаға бүгін Ақтөбе облысы полиция департаментінің бастығы Абай Жусупов жұмыс сапарымен шығып, жолдағы жағдаймен жеке танысты. Ол жүргізушілермен, әсіресе жолаушылар тасымалдайтын автобус, такси жүргізушілерімен, жүк көлігін басқарушылармен сөйлесіп, жүргізушілік тәртіп пен қауіпсіздік ережелерін еске салды. Сонымен қатар, полиция басшысы олардың жол сапасына, қозғалысты ұйымдастыруға және ақпараттық белгілерге қатысты ұсыныстары мен ескертулерін де тыңдады. 

«Бұл жол учаскесінде жол-көлік оқиғаларының  басты себебі жүргізушілердің қарсы бағытқа шығуы, жылдамдықты асыруы және арақашықтықты сақтамауы болып отыр. Біз өз тарапымыздан азаматтардың қауіпсіздігі үшін ең тиімді, әсері бар деген шаралардың барлығын қабылдаудамыз. Мысалы, патрульдік жасақтардың тығыздығы арттырылды, жасырын бақылау күшейтілді, жолдың уақытша тарылту тәсілі,дрондармен бақылау қолданылуда. Алайда, Сіздерде жүргізушілік тәртіп болмаса, ешбір шарамен оң нәтижеге жету мүмкін емес» - деді Абай Жусупов жүргізушілерге. 

Сапар барысында полиция басшысы жолдағы патрульдік полиция нарядтарының жұмысын, блок-бекеттің қызметін тексерді. 

Бүгінгі күні Самара-Шымкент автожолында стационарлық полиция бекеттері жұмыс жасап тұр, олар жол ережелерінің сақталуын бақылап, туындаған жағдайларға жедел әрекет етеді. Бұл ретте, апатты жағдай туғызушылар әуе арқылы да анықтап жатыр. Дрондар, әсіресе, басып осу ережелерін бұзған, қарсы бағытқа шыққан жүргізушілерді анықтауда.  

Жұмыс сапары қорытындысы бойынша Департамент басшысы профилактикалық шараларды күшейтуді, патрульдік полиция экипаждарының жұмысын және жүргізушілік тәртіпті күшейтуге  қатысты бітқатар тапсырмалар берді.  

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары