Malim.kz
Қоғам

Ақтөбеде шетелдік жүргізуші жарты миллион теңгеге жуық айыппұл арқалады

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Ақтөбеде жол қозғалысы ережелерін шамамен 50 рет бұзған жүргізуші анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Полицияның хабарлауынша, рейдтік іс-шаралар барысында көрші мемлекет азаматы ұсталған. Оның атына бейнебақылау камералары тіркеген көптеген құқықбұзушылықтар анықталып отыр. 

Жалпы айыппұл көлемі шамамен 600 мың теңгені құрады. Полиция мәліметінше, жүргізуші қалаға жиі келіп, жүйелі түрде жылдамдықты асырған, соның ішінде Ақтөбеден шығатын жолдарда да ережені бұзған көрінеді. Құқықбұзушының көлігі арнайы айыптұраққа қойылды.

Облыстық полиция департаментінің өкілдері камералар құқықбұзушылықтарды автоматты түрде тіркейтінін және әрбір бұзушылық үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды. Бұл ретте азаматтықтың маңызы жоқ, жол қозғалысы ережелерін барлық қатысушылар сақтауға міндетті.

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары