Malim.kz
Қоғам

Ақтөбеде тас жолдардың 12 учаскесін су басқалы тұр

Айбын Атабай
Қазавтожол

Ақтөбе облысында су басу қаупі бар жол учаскелері анықталды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

«Бүгінгі таңда өңірде су тасқыны қаупі бар 12 учаске анықталды. «Қандыағаш-Ембі-Шалқар –Ырғыз» автожолында 92-ші шақырымда жаңа көпір салынуда. Оның ұзындығы 132 метр. Қазір 84-тен 69 бұрғылау қадалары орнатылды. Арқалықтар мен өтпелі плиталар толығымен дайын. Биыл аяқтауды жоспарлап отырмыз», - деді «Қазавтожол» ҰК» АҚ Ақтөбе филиалының бөлім басшысы Аслан Қапенов.

Су тасқыны кезінде көлік қозғалысын тоқтату үшін жақын жерде уақытша көпір салынып жатқаны атап өтілді. Жаңажол арқылы өтетін айналма жол да әзірленуде, бұл су деңгейі көтерілген кезде де көлік қозғалысын жалғастыруға мүмкіндік береді.

Өңірдегі республикалық трассалардың ұзындығы 1900 км-ге жуық, онда 100-ден астам көпір және 1000-нан астам су өткізу құбырлары орналасқан.

«Су тасқыны кезеңіне дайындық аясында мердігер ұйымдарға нақты тапсырмалар берілді. Барлық қажетті материалдар дайындалды: қиыршық тас – шамамен 2500 текше метр, құм – шамамен 2000 текше метр, сондай-ақ, 50 тонна жанар-жағармай материалдары. Қосымша мердігерлер тағы 30 мың қап, 3000 текше метр құм және қажетті құрал – жабдықтар-мотопомпалар, күректер, арнайы киімдер дайындады. Су тасқынына қарсы іс – шараларға барлығы 115 бірлік техника жоспарланған», - деді Қапенов.

Өңірде су тасқыны жағдайы толық тұрақталғанға дейін жалғасатын каналдарды тазарту, беткейлерді нығайту, құбырлар мен көпірлерді жөндеу жалғасуда. 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары