Malim.kz
Құқық

Ақтөбедегі қоқыс алаңынан мәйіт табылды

• Айбын Атабай
pixabay.com

Ақтөбедегі қоқыс алаңынан мәйіттің табылуына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды  Malim.kz ҚазТАГ агенттігіне сілтеме жасап. 

«Полиция мәйітті тапқаннан кейін қылмыстық іс қозғады. Оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін бірқатар қажетті тергеу және жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде», - деп хабарлады бейсенбі күні ҚазТАГ редакциясына Ақтөбе облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, полицейлер дененің бөлшектенгені туралы таратылған ақпаратты жоққа шығарды.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары