Қазіргі уақытта Мюнхенде (Германия) нысана көздеуден Әлем кубогының кезекті кезеңі өтіп жатыр, деп хабарлайды Malim.kz.
Қазақстан құрамасының өкілі Арина Малиновская 50 метр қашықтықтан үш қалыпта пневматикалық винтовкадан оқ ату сайысында финалға дейін жетті.
Шешуші сында қазақстандық спортшы сегізінші орын алды.
Аталған бағдарламада Жанетт Хегг Дуэстад (Норвегия) жеңіске жетті. Екінші орынды Шонейд Макинтош (Ұлыбритания) иеленді. Ал қола медальді Анна Янссен (Германия) жеңіп алды.