Бұл туралы Армения Орталық сайлау комиссиясының мәліметтерінде айтылған, деп хабарлайды Malim.kz.
Алдын ала нәтижелерге сәйкес, премьер-министр Никол Пашинян жетекшілік ететін «Азаматтық келісім» партиясы сайлаушылардың 57,14 пайыз даусын жинап отыр.
Ал армян текті ресейлік кәсіпкер Самвел Карапетян басқаратын «Күшті Армения» оппозициялық альянсы 21,43 пайыз дауысқа ие болған.
Қазіргі уақытта 2005 сайлау учаскесінің тек 110-ындағы дауыстар ғана саналып үлгерді.
7 маусымда өткен парламенттік сайлау Арменияның алдағы даму бағытын — Батысқа жақындау немесе Ресеймен ықпалдастықты күшейту жолын айқындамақ.
2025 жылы Пашинян билігі елдің Еуропалық Одақпен жақындасу бағытын заң жүзінде бекітті. Бұл қадам Ереван мен Мәскеу арасындағы қарым-қатынаста жаңа шиеленіс кезеңін туғызды. Дегенмен премьер-министр Ресеймен байланысты толық үзу мақсаты жоқ екенін бірнеше рет мәлімдеген. Ал оппозициялық күштер елдің Ресеймен тығыз байланысын сақтауды қолдайды.