Malim.kz
Оқиға

Арнайы операция: Жамбыл облысында есірткі жеткізуші ұсталды

Арман Қайыпхан
Фото: ІІМ

Алматыда полиция Жамбыл облысынан есірткі жеткізумен айналысқан арнаның жолын кесті, деп хабарлайды Malim.kz.

Алматы полицейлері Жамбыл облысынан Алматы мен Астанаға есірткі жеткізуді ұйымдастырған қылмыстық топтың қызметін тоқтатты. Күдіктіні ұстау үшін арнайы тергеу-жедел тобы құрылып, операция арнайы жасақтың қолдауымен жүргізілді.

Жамбыл облысында 42 жастағы ер адам ұсталды. Оның үйін тінту барысында полицейлер гашиш салынған пакет тапты.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалып, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Есірткі жеткізу арнасы ұзақ уақыт бойы әшкереленіп келген. Қазір бұл схемаға қатысы бар барлық адамдар анықталып жатыр.

Еске салайық, бұған дейін 17 мыңнан астам қазақстандық есірткіге тәуелді екені анықталған еді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары