freedom
Саясат Аналитика Қоғам Мәдениет Сұқбат Спорт Абай-175 Ұлттық спорт Экономика Malim podcast Inclusive society Әлем Құқық Денсаулық Тұлға-таным кино Білім-ғылым Шоу-бизнес Әдебиет Оқиға Экология Хикаялар MALIMet

17 мыңнан астам қазақстандық есірткіге тәуелді

Қоғам
17 мыңнан астам қазақстандық есірткіге тәуелді
Алматы полициясы

Нашақорлардың арасында әйелдер мен балалар да бар. Бұл жөнінде ҚР Ішкі істер министрлігі kazinform.kz-ке берген жауабында мәлімдеді.

2026 жылғы 1 наурыздағы жағдай бойынша 17 573 есірткіге тәуелді адам, оның ішінде 1 596 әйел және 40 кәмелетке толмаған жасөспірім тіркелген, - делінген хабарламада.

Министрлікте өткен жылдың ақпан айында нашақорлық және есірткі қылмыстарының профилактикасы жөніндегі кеңес құрылған. Оның құрамына танымал тұлғалар, ҚР Президенті жанындағы Жастар саясаты жөніндегі кеңес мүшелері, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, блогерлер, әртістер, спортшылар, қоғам қайраткерлері, сарапшылар мен наркологтар кіреді. Олар түрлі іс-шаралар, сұхбаттар, кездесулер өткізеді.

Өкінішке қарай, заңсыз есірткі саудасы түп-тамырымен жойылмай тұр.

Жыл басынан бері 881,6 келі есірткі, оның ішінде 104,3 келі синтетикалық есірткі тәркіленді, - делінген ресми жауапта.

Бұған дейін ҰҚК шет мемлекеттің құзыретті органдарымен бірлесе халықаралық есірткіге қарсы операцияны жүзеге асырған болатын. 

Ұқсас мақалалар

Жылдам сілтемелер
Іздеу