Malim.kz
Қоғам

"Арыстанға тас лақтырған": Алматыда зообақта тәртіп бұзған азамат айыппұл арқалады

Сабина Асқарқызы
Ашық дереккөзден

Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында Алматы хайуанаттар бағы аумағында қоғамдық тәртіптің бұзылғаны түсірілген бейнематериал анықталды, деп хабарлайды Malim.kz.

Бейнежазбада жас жігіттің арыстан орналасқан қоршауға тасқа ұқсас зат лақтырғаны көрінеді. Осы әрекеті арқылы ол қоғамдық тәртіпті және қоғамдық орындарда өзін ұстау ережелерін бұзған.

Жүргізілген шаралар нәтижесінде құқық бұзушының жеке басы анықталып, ол тиісті тексеру жүргізу үшін полиция бөліміне жеткізілді. Аталған дерек бойынша оған қатысты ұсақ бұзақылық фактісімен әкімшілік іс қозғалды, - деп мәлімдеді Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі. 

Сонымен бірге, істі қарау қорытындысы бойынша Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты азаматты кінәлі деп танып, оған 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) мөлшерінде айыппұл салынған. 

Сабина Асқарқызы
Автордың басқа материалдары