Тергеу мәліметінше, 23 жастағы азамат Threads желісінде әскери қызмет кезінде өзіне жыныстық зорлық жасалғанын айтып, шетелге кету үшін қаржылай көмек сұраған, деп хабарлайды Malim.kz.
Алайда, тексеру барысында оның ешқашан мерзімді қызмет өтемегені анықталды. Ол ақша жинау үшін 17 жастағы танысының банк шотын пайдаланған.
Сот оны алаяқтық және көрінеу жалған ақпарат тарату бабы бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айырды.