Malim.kz
Құқық

Әскерде намаз оқуға бола ма? Қорғаныс министрлігінің жауабы

Айбын Атабай
Almaty tv

Қазақстанда діни сенім мен әскери қызмет бірге қарастырылмайды. Бұл зайырлы мемлекет болғандықтан жасалған қадам, деп хабарлайды Malim.kz Kazinform.kz ақпарат агенттігіне сілтеп.

Бұл жөнінде Мәжілістің кулуарында ҚР Қорғаныс министрінің тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі орынбасары Асқар Мұстабеков айтты.

— Заң бойынша, діни сеніміне байланысты әскери қызметтен бас тарту нормасы жоқ. Егер ондай болса, кез келген адам діни сенімін желеу етіп, әскери қызметтен жалтарар еді, — деді ол.

Сонымен бірге, Қорғаныс министрінің орынбасары әскерге келген сарбаздың діни ғибадат жасауына қатысты журналистер сұрағына жауап берді.

— Ондай біздің күн тәртібінде қарастырылмаған. Сондықтан келген бала әскердің күн тәртібімен қызметін атқарады. Біздің мемлекетіміз — зайырлы мемлекет. Жаңа Конституция бойынша да, дін әскер мен саясаттан бөлек болуы керек. Қарулы күштер ұлттық қауіпсіздігімізді қамтамасыз ететін орган болғандықтан, ол — бөлек институт, — деді Асқар Мұстабеков.



 

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары