Malim.kz
Қоғам

Әскери қызметшілерге жаңа төлемдер енгізілді

• Арман Қайыпхан

Ішкі істер министрлігі әскери қызметшілерге арналған ақшалай қамтамасыз ету мен жәрдемақы төлеу тәртібіне түзетулер енгізді. Жаңа өзгерістерге сәйкес, «даладағы төлемдер» деп аталатын қосымша категория пайда болды. Ол тәулігіне 4 718 теңге мөлшерінде белгіленген, деп хабарлайды Malim.kz.

Министрдің бұйрығымен ережеге жаңа 8-1-параграф қосылды. Онда әскери қызметтің ерекшелігіне байланысты қосымша төлемдер қарастырылған.

Алайда бұл төлем мерзімді әскери қызметшілерге, әскери оқу орындарының курсанттары мен кадеттеріне, сондай-ақ жиынға шақырылған әскери міндеттілер мен резервтегілерге қолданылмайды. Қалған әскери қызметшілер дала жағдайындағы шығуларда, теңізге шығуда, оқу-жаттығулар мен жорықтарға қатысқанда тәулігіне 1,2 АЕК (2025 жылы – 4 718 теңге) көлемінде алады. Бұл жағдайда іссапар шығындары бөлек өтелмейді.

Төлемдер әскери бөлім командирінің бұйрығы негізінде есептеліп, дала жұмыстары аяқталғаннан кейін жеті жұмыс күні ішінде берілуі тиіс. Құжат 2025 жылғы 4 қазанда, ресми жарияланған күннен кейін он күн өткен соң күшіне енеді.

Фото: istockphoto.com

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары