Астана әуежайында жолаушылар 223 iPhone 18 смартфонын декларациясыз алып өтпек болған, деп Malim.kz тілшісі Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.
Кеден қызметкерлері қымбат техника мен сымсыз құлаққаптарды заңсыз әкелудің 10 дерегін анықтаған. Жолаушылар тауарларды декларацияламай, «жасыл дәліз» арқылы өткізбек болған.
Тексеру барысында барлығы 223 iPhone 18 смартфоны мен 10 жұп AirPods табылған. Деректердің бірінде жолаушы бірден 50 смартфон алып өтпек болған.
Мемлекеттік кірістер комитеті жеке пайдалануға арналған тауарларды әкелу тәртібін еске салды. Ведомство мәліметінше, бір адам декларациясыз екі смартфонға дейін алып кіре алады. Бұл мөлшерден асқан жағдайда тауарлар белгіленген тәртіппен декларациялануы тиіс.