Malim.kz
Қоғам

Астана әуежайында ауа райына байланысты рейстер кешігіп жатыр

Айбын Атабай
Мухтор Холдорбевов/Kazinform

Қазір әуежайда күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасты — мұзды жаңбыр жауып тұр. Осыған байланысты ұшып келуі тиіс 11 рейс, ұшып кетуі тиіс 4 рейс кешіктіріліп, 1 рейс тоқтатылған.

Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының мәліметінше, әуежайдың барлық қызметі күшейтілген режимде жұмыс істеп, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында барлық қажетті шараларды қабылдап жатыр.

Рейстер бойынша қазіргі жағдай мынадай:

Ұшып келуге:

Кешіктірілгені — 11 рейс
Тоқтатылғаны — 1 рейс (ауа райы жағдайына байланысты)
Ұшуға:

Кешіктірілгені — 4 рейс
— Кідірістердің негізгі себебі — қолайсыз ауа райына байланысты әуе кемелерінің кешігіп келуі. Жолаушылардан онлайн-таблоны, әуе компанияларының ресми ақпаратын және терминалдағы хабарландыруларды қадағалап отыруды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін алғыс білдіреміз, — делінген әуежай таратқан ақпаратта.

Айбын Атабай
Автордың басқа материалдары