Malim.kz
Қоғам

Астана балабақшалары 2 күнге жұмысын тоқтатады

Malim Админ

Шанхай ынтымақтастық ұйымы саммиті өтуіне орай 3 және 4 шілдеде Астанадағы балабақшалар жұмыс істемейді, деп хабарлайды Malim.kz.

Астана қаласы Білім басқармасының мәлімдеуінше, Оқу-ағарту және Ішкі істер министрліктерінің хатына байланысты елордада 3-4 шілде күндері мектепке дейінгі ұйымдар жұмыс істемейді.

ШЫҰ саммиті Астанада 3-4 шілдеде өтеді.

Онда ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылдың өзекті мәселелерін талқылайды.

Фото: flectone.ru

Malim Админ
Автордың басқа материалдары