Malim.kz
Қоғам

Астана-ЕРЦ абоненттері коммуналдық ақы мөлшерінен шошып кетті

Ереке Базарқұл
Иллюстрация: © sharaina.kz

malim.kz тілшісі бірнеше тұрғынға биылғы ақпан айына келген шотты шолып шықты.

Бүгін әлеуметтік желілерде Астана қаласының тұрғындары ақпан айына келген коммуналдық төлемдер мөлшеріне шағымдануда.

 

Қолданушылардың ішінде жылу бағасы ай сайын қымбаттап отырғанына назар аударғандар бар. Ал кейбір шоттарға тұтастай 10 мың теңге қосылған.

"Өткен айда газға 26 мың төлегенмін. Енді — 36 мың теңгеге шот келіп тұр", -

депті бір астаналық.

Басқалар болса, тіпті бір бөлмелі пәтердің коммуналдық төлемдері 40 мың теңгеден асып кеткенін айтады. Ал кейбір абоненттерге 150 мың теңгеге дейін шот келген. Күндіз-түні жұмыста болсақ та —  ертеден кешке дейін үйде ет асып жей берген, шомыла берген кісілерше төлем келіп тұр дейді бір тұрғын.

Астана тұрғындары Астана-ЕРЦ бірегей коммуналдық төлемдер мекемесі түсініктеме берер деп үміттенеді. Ал аталған мекеме әлі ешқандай түсініктеме берген жоқ.

Ереке Базарқұл
Автордың басқа материалдары