Malim.kz
Қоғам

Астана іргесіндегі ауылда үйлер мен аулаларды су басты

Malim Админ

Елорда іргесіндегі Қоянды ауылында нөсер жаңбыр салдарынан 2 үй мен 20 ауланы су басты, деп хабарлайды Malim.kz ТЖМ-ге сілтеме жасап.

Ақмола облысы Целиноград ауданы Қоянды ауылында түнімен жаңбыр жауған.

Салдарынан 2 жер үй мен 20 ауланы су басқан. Қазір үйлерден су сорылды.

Мамандар ауылда шамамен 700 метр арық қазып, 6 мыңға жуық текше метр суды сорған.

Жағдайды жергілікті әкімдік мен ауданның ТЖ бөлімінің мамандары бақылап отыр.

Фото: видеодан скрин

Malim Админ
Автордың басқа материалдары