Malim.kz
Қоғам

Астана маңында балықшылардың олжасына көз тіккен түлкі желі қолданушыларын күлдірді

Арман Қайыпхан
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желілерде Астана маңында түсірілген бейнежазба тарады, деп хабарлайды Malim.kz.

Кадрлардан балықшылардың ұстаған балықтары салынған арбаны түлкінің тартып әкетуге тырысқаны көрінеді.

Бейне авторлары олжаларынан айырылып қала жаздағанын айтып, аңның ешқандай қорықпай әрекет еткеніне таңданыс білдіреді.

«Балықтың бәрін алып кетпек болды. Мүлде саспайды. Мұндай түлкіні бірінші рет көріп тұрмын», – дейді кадр сыртындағы дауыс.

Түлкі бірнеше рет жемтікті алып кетуге ұмтылғанымен, балықшылар балықтарын бермеді. Сәтсіз әрекеттерден кейін аң кері шегінуге мәжбүр болды.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары