Malim.kz
Қоғам

Астана-Омбы бағыты бойынша рейстер уақытша тоқтатылды

Арман Қайыпхан
Фото: VietJet Qazaqstan

VietJet Qazaqstan әуе компаниясы Ресей аумағында ұшқышсыз ұшу аппараттарының белсенділігіне байланысты 9-20 шілде аралығында Астана - Омбы - Астана бағыты бойынша рейстерді уақытша тоқтатты, деп хабарлайды Malim.kz.

Рейстері тоқтатылған жолаушыларға екі нұсқа ұсынылды: билет құнын, соның ішінде трансферлік бағыттарды қоса алғанда, толық көлемде қайтару немесе 14 шілдеден бастап мүмкін болатын Петропавл арқылы балама бағытты пайдалану.

Жаңа бағыт бойынша жолаушылар алдымен Астанадан Петропавлға ұшақпен жетеді. Одан әрі Омбыға дейін әуе компаниясы ұйымдастыратын автобуспен жеткізіледі. 

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары