Астана қаласының Сарыарқа ауданында, Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимаратта өрт шықты, деп хабарлайды Malim.kz.
Оқиға орнына келген алғашқы бөлімшелер екінші және үшінші қабаттардың жанып жатқанын, сондай-ақ шатырдың жартылай құлағанын анықтады.
Өрт сөндірушілердің жедел әрі кәсіби әрекеттерінің арқасында жалынның одан әрі таралуына жол берілмей, оқиғаның салдары барынша азайтылды.
Қазіргі уақытта өртті сөндіру жұмыстары жалғасуда. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112 нөміріне түскен жоқ.
Өртті сөндіруге Төтенше жағдайлар министрлігі күштері жұмылдырылды.