Malim.kz
Қоғам

Астанада 79 млн теңгені жымқырған жеке емхана басшысы сотталды

Арман Қайыпхан
Фото: pixabay

Астанада Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының 79 млн теңгесін жымқырған қылмыстық схемаға қатысқандарға сот үкімі шықты, деп хабарлайды Malim.kz.

Тергеу мәліметінше, Forte Clinic (Tumar) ЖШС-нің басшысы мен денсаулық сақтау ғылыми орталығының қызметкері DamuMed жүйесіне заңсыз қол жеткізіп, 15 мыңнан астам азаматты емханаға жалған түрде тіркеген. Олардың арасында басқа өңір тұрғындары, құжаттары жоқ кәмелетке толмағандар және шетелде жүрген азаматтар да болған.

Осылайша күдіктілер Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорынан жалпы 79 млн теңге заңсыз алған.

Келтірілген шығын толық көлемде өтелді.

Сот үкімімен жеке емхана басшысы 5 жылға, ал ғылыми орталықтың қызметкері 3 жылға бас бостандығынан айырылды. Үкім заңды күшіне енді.

Арман Қайыпхан
Автордың басқа материалдары