Malim.kz
Қоғам

Астанада әйел баланың үстіне құлап, екеуі де көз жұмды

Алуа Әшірбекова
Фото: Qumash.kz

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қайғылы жағдай болды. Көпқабатты үйден құлаған 27 жастағы әйел екі жасар бала отырған бесік арбаның үстіне түскен, деп хабарлайды Malim.kz.

 Kaz.nur.kz мәліметінше, әйел 15-қабаттағы терезеден құлап, оқиға орнында көз жұмған.

"Ол екі жасар бала отырған бесік арбаның үстіне түскен. Алған жарақаттарының салдарынан бала да көз жұмды", – делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Құзырлы органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр.

Алуа Әшірбекова
Автордың басқа материалдары